ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" аса көрнекті ағартушы - педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Даланың алып қоңырауы" тақырыбындағы Республикалық Педагогикалық оқуларын өткізуде. Педагогикалық оқулардың мақсаты жұмыс тәжірибесінде үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, балалармен жұмыста шығармашылық танытатын креативті және дарынды педагогтерді анықтау. Қазіргі уақытта педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне ұсынылған материалдар сарапталып, "Балдәурен" МДҰ - ның меңгерушісі М.С.Болекеева 3 - орынды иеленіп, Ақтөбе облыстық Ғылыми - тәжірибелік орталығының дипломымен марапатталды.
25 Сәу 2022
Біздің жетістіктер