Сыбайлас жемқорлық пен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осыған орай "Балдәурен" МКҚК МДҰ да әдіскер Сағынбаева М.Қ "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты іс-шара өткізді. Іс-шара кезінде видеоролик көрсетіліп, суреттер бойынша түсіндірме жұмыстары және құпия түрде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалнама алынды. Аталған іс-шараға ұжым белсене қатысып, өз жауапкершіліктерін көрсете білді.
https://baldauren.aitekebi.edu.kz/kz/qujattar/s%C4%B1baylas-jemqorl%C4%B1qqa-qars%C4%B1-q%C4%B1zmet/11948-0qw9qw09wq0wq9w0qw9wq0.html#sigFreeId713ad1f705